Алматыда 1200 астам кәсіпорын өкілдері өтемақы алады

Алматыда 1200 астам кәсіпорын өкілдері өтемақы алады
Сурет: Astana.zagranitsa.com

Қаңтарда қаладағы 1527 кәсіпкердің мүлкіне нұқсан келтірілген. 

Алматыда зардап шеккен 1253 ШОБ субъекті өкілдері өтемақы алады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ерболат Досаев жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 88 пайызы Алматыға тиесілі екенін атап өтті. 

«Алдағы 2-3 аптада кәсібі зардап шеккен бизнес өкілдерінің 82 пайызы, яғни 1253 субъектісі өтемақы алады. Қалған 274 кәсіпкерге өтемақы сараптама жұмыстары аяқталған соң төленеді. Жалпы, қаңтар оқиғасында қалада 1527 кәсіпкердің мүлкіне нұқсан келтірілген», - деді Алматы әкімі. 

Бұдан бөлек, биыл 50 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Оның 31 мыңы бизнес тарапынан ашылады. Сондай-ақ қала тұрғындарының нақты табыс көзін 5 пайызға, ал жалпы ішкі өнім көлемін төрт жарым пайызға өсіру жоспарланып отыр.