Алматыда өткен тәулікте қанша коронавирустық инвекция тіркелді

Алматыда өткен тәулікте қанша коронавирустық инвекция тіркелді
Cурет: Egemen.kz

Қалада коронавирустық инфекцияның бес жүзге жуық жаңа жағдайы тіркелді.

2021 жылғы 2 қазанға арналған коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 485 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 451 симптомдық белгілері бар және 34 симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 211, келіп түскені – 144.
Инфекциялық стационарларда (3179 төсек-орын) жалпы саны 1 690 адам (оның ішінде 70 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  173.
ӨЖЖ – 34, инвазивті емес ӨЖЖ – 83, High flow-да 47 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4 198 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 4 043, симптомсыз 155 науқас бар.