Алматыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды

Алматыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды
www.thenationreport.org

Бұл туралы «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры Болат Айтмұрзаев Instagram әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қала халқының ұлғаюы мен өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігіне байланысты Түнеу үйі Әлеуметтік бейімдеу орталығы болып қайта құрылды. Өтініш білдірген тұрғылықты жері жоқ адамдар түнгі уақытта ғана емес, сонымен қатар, тәулік бойы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін орталықта алуға мүмкіндік алды», - деп атап өтті ол.

Орталық белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, кәмелет жасына толғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұратын адамдар үшін бір тәулік тұруға немесе уақытша тұруға (тәуліктің түнгі уақытында) арналған. 230 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 50 төсек – түнеу бөлімшесінікі.

«Қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға түнеу бөлімшесі ұйымдастырылды. Оларға тәуліктің түнгі уақытында төсек-орын беріледі, бірақ ыстық тамақпен қамтамасыз етілмейді. Мұнда орталықтың мамандары әлеуметтік қызметтердің 7 түрін көрсетеді»,- деп жазды Болат Айтмұрзаев.