Алматыда үстел теннисінен Қазақстан кубогі өтіп жатыр

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан кубогі өтіп жатыр
Cурет: Olympic.kz

Жеңімпаздар бүгін анықталады

Турнирге 14 ерлер командасы, 13 қыздар командасы қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.   

Финалға Шымкент, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және ШҚО командалары жолдама алды.  Бүгін жеңімпаздар анықталады.  

Ерлер арасындағы финалда Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысы кездеседі. 

Әйелдер арасындағы ақтық сында Қарағанды облысы мен Шымкент спортшылары кездеседі.