Алматыда үнді штамының таралуына байланысты коронавирустың төртінші толқыны басталды

Алматыда үнді штамының таралуына байланысты коронавирустың төртінші толқыны басталды
Сурет: .Bbc.com

Жандарбек  Бекшин барлық індеттер толқын тәрізді ағыммен сипатталатынын айтты.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен тез өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауының басты себебі вирустың жаңа штамдарының пайда болуынан. Дерттің күрт өсуін коронавирустың "төртінші толқыны" деп атауға болады. Біз дертке қарсы тұра аламыз, қазірдің өзінде 3 500 төсек-орын дайындалды. Қазіргі кезде науқастарға арналған 1 760 төсек-орын бар. Олардың санын 35%-ға арттырамыз», – деді Жандарбек Бекшин. 

Алматының бас санитарлық дәрігері үнді штамын жұқтырған әйел мен оның баласының жағдайы туралы да айтты. Әйелдің айтуынша, ірі құрылыс дүкендеріне барған көрінеді, инфекцияны сол жерде жұқтыруы мүмкін.

«Ана мен баланың жағдайы қалыпты. Олар ауруханадан шығарылды және дәрігерлердің бақылауында», – деді журналистерге Жандарбек  Бекшин. 

Алматы эпидемиологтары коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең ықтимал орындарын анықтады. Мысалы, отбасылық шаралар, тойлар, мерейтойлар, еске алу кештері 1,7%-ды құрайды. Сондай-ақ түнгі клубтарға келушілер, караоке орындары 0,2%-ға өскенін айтты. Ал ASHYQ жобасына қатысатын нысандарда инфекция жағдайлары тіркелмеген.

 Бұл ретте отбасыларда жұқтырудың үлес салмағы – 25%, сауда нысандарында – 23%, қоғамдық көлікте қатынау – 16,7%, бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде – 6% құрайды. 

Санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтар «дельта» штамының балалар мен жастарға нақты әсерін айтты. Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру 2,3%-ға өсті. 

Жандарбек  Бекшин мегаполис тұрғындары мен қонақтарына демалыс күндері бұқаралық іс-шараларға, салтанаттарға, клубтарға барудан бас тартуға, санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.