Алматыда үнді штамын жұқтырған кім?

Алматыда үнді штамын жұқтырған кім?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл сұраққа қаланың бас санитары Жандарбек Бекшин жауап берді.


Осы жайында Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында  өткен «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу шаралары» тақырыбында онлайн баспасөз-конференциясында бас санитар мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Кеше, 22 маусым күні, кешке «дельта» штаммының болу мүмкіндігі анықталды. Біз оны бүгін тағы бір рет растадық. Мутацияланған дельта штаммының шынымен де айналымда бар екені белгілі болды», - деді ол. 


Сонымен қатар, ол аталған штамды кім жұқтырғанын атап өтті. 


«Ол - 1984 жылы туған К. есімді азаматша. Үй шаруасындағы әйел, еш жерде жұмыс істемейді. Оның күйеуі шетелде іссапарда жүр. Айта кету керек, оның жолдасы ақпан айында коронавируспен ауырған. Ал науқастың өзі қазір ауруханада жатыр. Онымен байланыс жасаған жеті адам оқшауланды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Әзірге оның бұл штаммды нақты қай жерде жұқтырғаны белгісіз. Ол кісі бірнеше нысанда болған. Ол жерлер бақылауға алынды», - деді Жандарбек Бекшин.