Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды
inform.kz

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қолына бала ұстаған құтқарушы-жауынгер бейнесі болаттан құйылған. Биіктігі екі жарым метр. Құтқарушылар аллеясында келушілерге барлық жағдай жасалған. Жүздеген тал отырғызылып, жаяу жүргіншілер жолы салынып, тақырыптық орындықтар қойылды.

Қалада күн сайын кезекшілікте 200-ден астам адам, 80 техника және 3 әуе борты дайын тұрады. Биылғы жылдың тоғыз айда алматылық құтқарушылар 182 адамды ажалдан арашалап қалды.

Алматы қаласының әкімдігінің 109 құтқару қызметі – 700-ден астам адамды құтқарды.