Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Cурет: Ашық дереккөз

Елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

«Қазгидромет» РМК 23 қазан күні Қазақстан қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
23 және 24 қазанда түнде Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.