Алматыда қауіпті COVID-19 жұқтырған 638 жаңа жағдай тіркелді

Алматыда қауіпті COVID-19 жұқтырған 638 жаңа жағдай тіркелді
Сурет: Eulerhermes.com

 Алматы дәрігерлері коронавируспен күресуге дайын.

Алматы дәрігерлері коронавируспен күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде олар 5060 төсек-орын дайындап қойған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Коронавирус дертіне шалдыққан азаматтарды емдеу мақсатында Алматыда 5060  төсек-орын бар. Мамандардың айтуынша, аурулардың саны өскен жағдайда, төсек-орын да көбейтіледі. Бұл туралы 12 шілде күні Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтып берді.

«Бүгінгі таңда бізде 5060 төсек-орын бар. Алдағы күндері коронавирус дертіне шалдыққан азаматтардың саны 50% көбейген жағдайында біз қосымша орын дайындаймыз. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, аурулардың саны көбеюі мүмкін», – деді Нариман Табынбаев.

Дәрігерлердің айтуынша, өткен тәулікте Алматыда қауіпті індетті жұқтырған 638 жаңа жағдай тіркелді. Бұл – биылғы жаздағы антирекорд. Маусым айының соңғы күндері ауруға шалдыққан 600 жағдай анықталды. Бұл коронавирустың үнді штамының таралуымен байланысты.