Алматыда құтқарушыларға ескерткіш қойылды

Алматыда құтқарушыларға ескерткіш қойылды
Cурет: Алматы ТЖД

9 ай ішінде Алматы аумағында 800-ден астам адам құтқарылған

Құтқарушылар күніне орай Алматыда Алматы гарнизоны тарихында ТЖД құтқарушылар аллеясында алғашқы сквер ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сквер аумағында «Құтқарушы» шағын сәулеттік формасы орналасқан. Бұл - қолында баласы бар биіктігі 2,5 м  құрайтын жауынгер-құтқарушының бейнесі.

Құтқарушы болаттан жасалған, айқын тігістермен орындалған, бұл қазіргі бейбіт заманғы рыцарьды бейнелейді,  құтқарушыларға және өрт сөндірушілерге құрмет көрсетеді.

Мамыр айында мұнда бірнеше жүздеген бұталар мен ағаштар отырғызылды. Көшеттерге жасалған кешенді күтімге қарамастан, кейбіреулері тамыр алмады, бірақ олардың барлығы қосымша отырғызылды.

«Скверде келушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған – көгалдар отырғызылды, жаяу жүргінші жолдары, тақырыптық орындықтар орналастырылған. Эпидемиологиялық жағдайында азаматтық қорғау органдары біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда», - делінген хабарламада.

Күн сайын ТЖ-ға жедел ден қою үшін 200-ден астам адам, 80-нен астам техника және 3 әуе борты кезекшілікке шығуға дайын. 109 құтқарушы 700-ден астам адамды құтқарды.

Ағымдағы жылдың 9 айында алматылық құтқарушылар 182 адамның өмірін сақтап қалды, апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 2,7 мың шығу жүзеге асырылды. Алматы қаласының әкімдігінің 109 құтқару қызметі 700-ден астам адамды құтқарды.