Алматыда Құрбан айт күндері шектеулер болады

Алматыда Құрбан айт күндері шектеулер болады
Сурет: Liter.kz

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Шілденің 15 күні Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Бұл құжат бойынша, Құрбан айт мейрамы күндері қалада адамдар көп жиналатын шараларға шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаулыға сәйкес, адамдар көп жиналатын шараларды ұйымдастыруға тиым салынады, оның ішінде айт намазын өткізуге болмайды. Құрбан шалу онлайн түрде жүргізіледі. Алматы қаласының аумағында мал сою цехтары мен базарлардың жұмысына тыйым салынады.

Сонымен қатар Құрбан айт күндері мал союды жүргізуге және оларды автомашинадан және жеке меншік үй иелерінен өткізуге тыйым салынады.

Ресми құжатта мұндай шектеулер коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты енгізіліп отырғандығымен түсіндірілген.

Соңғы дерек бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда бес мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған.