Алматыда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны жалғасуда

Алматыда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны жалғасуда
Сурет: Polisia.kz

Республикалық науқан аясында Алматы полициясының қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері «Ана үйіне» барып қайтты.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үй бекерден-бекер таңдалған жоқ. Мұнда бір жарым жасқа дейінгі балалары бар 30 жас ана тұрады. Оларға қонақтар нәресте тамағы, жаялық, жаңа туған нәрестелерге арналған киім-кешек сынды қажетті сыйлықтарды алып келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар дағдарыс орталықтарының өкілдері мен тәртіп сақшылары әйелдермен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары мен шарттары, сондай-ақ ана болу бақыты туралы әңгімелесті. Шаһарда “Ана үйінің” үш филиалы бар. Онда қиын жағдайға байланысты балаларын тастап кете жаздаған аналарға көмек көрсетіледі