Алматыда жұрттың зәре-құтын алған бұзақылар ұсталды

Алматыда жұрттың зәре-құтын алған бұзақылар ұсталды
Сурет: 24.kz

Алматыда басбұзарлар қоғамдық орында тұрғындардың үрейін ұшырған 

Олар көшеге өрт сөндіру құрылғысын алып шығып, жолаушыларды қорқытқан. Мұнымен қоймай, жолға да түтін будақтатқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір еріккен жастар ұсталды. Енді әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді. Айта кетейік, дәл осы топ өткенде дауыс зорайтқыш қолданып, адамдардың үрейін алған еді.