Алматыда марафон күні бірқатар жол жартылай жабылады

Алматыда марафон күні бірқатар жол жартылай жабылады
Сурет: Zakon.kz

Осы жексенбі қаламызда марафон өтетінін бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Осы уақытта іс-шара өтетін жолдар бойында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, марафон 25 қыркүйек күні таңғы сағат 6:00-ден 26 қыркүйек кешкі 18:00-ге дейін өтеді.

Жоспар бойынша, 25 қыркүйек сағат 9:00-дан 26 қыркүйек 18:00-ге дейін Сәтпаев көшесінде Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.

26 қыркүйек: Назарбаев даңғылы бойында Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 09:30-ға дейін толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшісіне дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін жартылай жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады. Әл-Фараби даңғылы бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай жабық болады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесі бойында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай ашық болады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылы бойында Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін жартылай жабық болады, көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Байтұрсынұлы көшесі бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Сәтпаев көшесі бойында Байзақов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады. Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынұлы көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Байзақов көшесі бойында Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Тимирязев көшесі бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Шашкин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.