Алматыда «Жүректен жүрекке» атты алғашқы әлеуметтік форум өтеді

Алматыда «Жүректен жүрекке» атты алғашқы әлеуметтік форум өтеді
syrboyi.kz

Алматыда алғаш рет «Жүректен жүрекке» атты  форум өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Форум  барысында әлеуметтік саланың жетекші сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлін нығайту мақсатында қалада іске асырылған табысты жобалармен бөліседі.

Форум 13 желтоқсан күні сағат 11-00-де Досмұхамедов көшесі, 115, Double Tree by Hilton Almaty, «Аструм» конференц-залы, 3-қабатта өтеді.