Алматыда жұқпалы аурулар орталығы салынып жатыр

Алматыда жұқпалы аурулар орталығы салынып жатыр Сурет: Ашық дереккөз

Құрылысқа шамамен 130 миллиард теңге бөлінген


Құрылыс жұмыстары биыл желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланған. Құрылыс біткеннен кейін орталық ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, яғни мемлекет меншігіне беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін салынып жатқан клиниканың құрылыс алаңына «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов келді. Ол жаңа орталық бүкіл ТМД-дағы ең ірі зерттеу және клиникалық орталық болатынын атап өтті.



«Соңғы жылдардағы оқиғалар клиникалық бөлімшесі бар ірі ғылыми-зерттеу жұқпалы аурулар орталығының болуы жай ғана қажеттілік емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін дәлелдейді», - деді менеджер.



Ол құрылыс барысын жеке өзі тексеріп, құрылыс мердігері барлық жұмысты уақытында орындауын назарда ұстайтынын айтты.


Аурухана 2021 жылдың қазанында салына бастады. Орталықта 350 заманауи жабдықталған орын болады. Нысан қазақстандық дәрігерлер, ғалымдар мен Алматының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін клиникалық базаға айналады. Жаңа орталықта жұқпалы аурулар, пульмонология және фтизиатрия саласында медициналық көмек көрсетіледі, зерттеулер мен оқыту жүргізіледі, озық медициналық технологияларды шоғырландырады, дәрілік препараттарды зерттейді. Сонымен қатар, жаңа нысан базасында елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін ахуалдық орталық ашу жоспарланған.


Нысан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірегей технологияларымен жабдықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07