Алматыда жоғалған қыз басқа қаладан табылды

Алматыда жоғалған қыз басқа қаладан табылды
Cурет: Еrnur.kz

Қызды Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тәртіп сақшылары тапты.

Алматыда жоғалған 14 жастағы Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы өздерінің Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«18.09.2021 жыл. Сағат түнгі 02.23. Еріктілер іздеуді тоқтатып Алматыға қайтып барады. Қызды Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының полициясы тапты. Ол дін аман. Ата-анасына табысталды», – деп жазды олар.

Сондай-ақ, еріктілер тобы іздеуге қатысқан, хабарламаны таратуға үлес қосқан барша қазақстандыққа алғыс білдірді.
Бұған дейін Зоя Юркова 16 қыркүйек күні жоғалғаны туралы жазғанбыз. Ол Докучаев көшесіндегі №91 мектептен шығып, үйіне оралмаған.