Алматыда жоғалып кеткен мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр

Алматыда жоғалып кеткен мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр
Сурет: Elorda.info

Алматыда 14 жастағы қыз жоғалып кетті

Жасөспірім 16 қыркүйек күні Алатау ауданындағы №91 мектептен кешкі уақытта шығып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Үстінде қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ түсті кроссовка, қолында рюкзак болған. Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа. Бойы 160-165 см», деп хабарлады еріктілер.

Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы құзырлы органға түнде шағымданған.

«Қазіргі уақытта іздеу шаралары ұйымдастырылды. Мән-жай анықталып, қыздың жан-жағындағы адамдардан сұрастырып жатырмыз», - деді Алатау аудандық полиция басқармасында.