Алматыда жоспарланған хоккей матчтары өткізілмейтін болды

Алматыда жоспарланған хоккей матчтары өткізілмейтін болды
Сурет: Inbusiness.kz

Себебі спортшылар жаппай ұшынып қалған.

Бұл туралы «Номад» командасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтсақ, осы топтың екі қақпашысымен қоса 17 ойыншысы астан ұшынған. Сол себепті Алматыдағы кезекті кездесуге бара алмаған. Ал ойынның енді қашан өткізілетіні туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Айта кетейік, «Номад» - «Барыс» континенталды хоккей клубының резервтегі командасы болып есептеледі.