Алматыда жолдың қарсы бетімен жүрген жүргізуші 4 бап бойынша жауапкершілік арқалайды

Алматыда жолдың қарсы бетімен жүрген жүргізуші 4 бап бойынша жауапкершілік арқалайды
Сурет: Den-der.kz

Жол тәртібін бұзып, қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші жазаланады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, құқықбұзушылық қатысты видео Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Алматы қалалық gолиция департаменті жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Керей-Жәнібек көшесінің бойымен жүрген «Toyota camry» көлігінің жүргізушісі бірден анықталды. Ол - 2002 жылы туған Нұрболат есімді азамат. Оның Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабының екінші тармағында, 601-бабының екінші тармағында, 595-бабының бірінші тармағында және 596-бабының үшінші тармағында көзделген ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, сот қарауына жіберіледі», - деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сонымен қатар, полиция өкілі жол жүру ережесін бұзғандар жазасыз қалмайтынын еске салды. Жол жүру ережесін бұзған адам көпшілік алдында кешірім сұраған. Алайда бұл оны жауапкершіліктен босатпайды, - дейді спикер.