Алматыда жолды кесіп өтпек болған жасөспірім мерт болды

Алматыда жолды кесіп өтпек болған жасөспірім мерт болды
Сурет: Zakon.kz

Жаңбырдың салдарынан жол дұрыс көрінбеген

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында 2007 жылы туған жасөспірім жолды кесіп өтпек болып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Hyundai Accent көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаңбырдың салдарынан жол дұрыс көрінбеген.

Жолдан бір жігіт жүгіріп шыққан. Жүргізуші жаяу жүргіншіні кеш байқап қалып, көлікті тоқтатып үлгермей, бар жылдамдығымен жігітті қағып кеткен. 

Ол қатты соққыдан бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен. 2007 жылы жасөспірім алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Марқұмның туыстары оқиға орнына барып, жүргізушіні ұрып-соғып, темірмен оның көлігін бүлдірген.

Оларды полицейлер ажыратқан.

Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.