Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ресейлік азамат жауапқа тартылды

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ресейлік азамат жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жігіт блогер болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының азаматы, 21 жастағы Т. есімді азаматтың жауапқа тартылғанын хабарлайды.

Жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырды: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі.