Алматыда жол-көлік апаты орын алды

Алматыда жол-көлік апаты орын алды
Сурет: Stan.kz

Алматыда екі көлік соқтығысып, жол апатынан жүргізушінің бірі ауруханаға түсті.

Оқиға Сейфуллин даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сейфуллиннің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Nissan Patrol көлігі бағдаршамның жасыл түсі сөнер тұста жолды кесіп өтпекші болған. Қазыбек би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Lada Granta қиылыстан атып шыққан. Екі жүргізуші жол апатын болдырмауға тырысқанымен, ештеңе шықпады. Соққының ауыр болғаны сонша, Lada тротуарға ұшып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен көлік жүргізушісі жедел ауруханаға жеткізілді.