Алматыда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Алматыда жол апатынан екі адам қайтыс болды
Сурет: 24.kz

Көлік апатынан бес адам жарақаттанып, екеуі көз жұмды

Жол апаты Жандосов пен Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Mitsubishi Carisma көлігі дүкен алдында тұрған, оның ішінде үш адам болған. Сол уақытта Жандосов көшесімен жоғары жылдамдықта келе жатқан Subaru Legacy көлігі Шаймерденов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, дүкен алдында тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды. Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Сол уақытта Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады. Апат салдарынан Mitsubishi көлігіндегі 1985 жылғы жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы сол жерде көз жұмды. Бес адам  – Subaru көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, Mitsubishi-де болған тағы бір жолаушы жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға орнында полиция апаттың себебін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Subaru көлігінен виски алкогольдік ішімдігі табылды.