Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды

Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Айша Тимур аман-есен табылды

Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін таңертең жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

– Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.