Алматыда жылыту маусымы 2 қазанда ашылады

Алматыда жылыту маусымы 2 қазанда ашылады
Сурет: Inform.kz

Екінші қазан күні Алматыда 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы басталады.


Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты жаңа жылыту маусымы күні бұрын ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен, жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік объектілер  қосылады. 

Одан кейін жылытуға көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушылар қосылады. 

Бұрын хабарланғандай, жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың дайындығы қыркүйек айының соңында 100% қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй қорының 8257 объектісіне, 443 білім беру және 91 денсаулық сақтау нысанына жылу беріледі.