Алматыда жыл сайын жүргізілетін кәріз желілерін жуу жұмыстары басталды

Алматыда жыл сайын жүргізілетін кәріз желілерін  жуу жұмыстары басталды
Сурет: Santeh-elektrik.ru

Жұмыстар 5-7 наурыз аралығында Медеу ауданында жоспарланған.

Осыған байланысты «Алматы Су» МКК тұрғындардан маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған күндері Достық даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін Шевченко және Құрманғазы көшелерімен жүру қиынға соғады.

Жұмыстар арнайы техниканы тарту арқылы жүргізілетін болады. 

Бұл жұмыстар ағынды суларды бұрудың үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Жыл сайын қалада 1000 км астам кәріз желілері мен 70 мың кәріз құдықтарын жуу және тазалау жүзеге асырылады.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолдың көрсетілген учаскесі бойынша маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: 274-66-66.