Алматыда жыл басынан бері жарты миллионнан аса долларды шетелге алып өтпек болғандардың жолы кесілді

Алматыда жыл басынан бері жарты миллионнан аса долларды шетелге алып өтпек болғандардың жолы кесілді
Cурет: Qazaqstan.tv

Халықаралық әуежайдан ұсталған күдіктілер жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары мен 27 мыңға жуық еуроны заңсыз шекара асырмақ болған.

Осы фактілер бойынша 2 қылмыстық және 20 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі сырт елге шығушылар үшін шетелдік валютадағы қолма-қол ақша 10 мың АҚШ долларынан аспауы керек екенін ескертеді.

"Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін", - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.