Алматыда жыл басынан бері 248 шетелдік елден шығарылды

Алматыда жыл басынан бері 248 шетелдік елден шығарылды Сурет: Polisia.kz

Биылғы жылдың алғашқы үш айында қалаға 21805 шетел азаматы келген.


Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мұндай мәліметті Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі келтірді.



«Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және заңсыз көші-қон арналарын жою бойынша тұрақты негізде жедел алдын алу іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 арнасы анықталды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55