Алматыда жеңіл көлік алып ағаштың астында қалды

Алматыда жеңіл көлік алып ағаштың астында қалды
Сурет: Inform.kz

Қала орталығында алып ағаш машинаның үстіне құлады

Жеңіл көлікке құлап, оны басып қалған ағаш видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Оқиға 26 қарашада Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қалалық ТЖ департаментінің мәліметінше, түскі сағат 13.19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен.

«ТЖД-ға Медеу аудандық полиция басқармасынан Қалдаяқов көшесі, 28-үйдің жанында «Киа RIO» маркалы автокөлігіне ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы қаласы әкімінің аппараты, «Алматы Тазалық» ЖШС, 109 құтқару қызметінің мамандары дереу жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлады ведомствадан.