Алматыда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының съезі өтеді

Алматыда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының съезі өтеді Сурет: Ашық дереккөз

Жиын қазақстандық ірі кәсіпорындардың басын біріктірмек


21 ақпанда Алматыда QAZTEXTILEINDUSTRY СРО (өзін-өзі реттейтін ұйым) және Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы ұйымдастыруымен Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы съезі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл жиын жеңіл өнеркәсіптің тоқыма, тігін және басқа да салаларындағы барлық қазақстандық ірі кәсіпорындардың басын біріктірмек.



"Осы саладағы өндірістік проблемалардың ауқымы жыл сайын азаймай, тек ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, екі ірі ұйым отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында жеңіл өнеркәсіпті тиімді дамытуға және кәсіпорындардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған бірлескен қызмет туралы Меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр", - деп атап өтті QAZTEXTILEINDUSTRY СРО басшысы Гүлмира Уахитова.



Сонымен қатар, съезд аясында жеңіл өнеркәсіпшілер қазақстандық жастар арасында жұмысшы мамандықтарды қалай танымал ету керегін талқылайды, 2023 жылға арналған екі ұйымның жұмыс жоспарын бекітеді, ал Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы Qazaqstanda jasalgan экономикалық ұлттық қозғалысына ресми түрде кіреді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26