Алматыда "жедел жәрдем" қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Алматыда "жедел жәрдем" қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді
Сурет: Еsquire.kz

Шаһарда "жедел жәрдем" қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалған

Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Жедел жәрдем" қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті. ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды.

Тәртіпсіздік кезінде 32 "жедел жәрдем" автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайта қайтарылды.