Алматыда Жаңа жылда қар жаумайды

Алматыда Жаңа жылда қар жаумайды
tengrinews.kz

Синоптиктердің айтуынша, мұндай жылы желтоқсан осыдан 10 жыл бұрын – 2011 жылы болған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 26 желтоқсан күні қалаға қар аралас жаңбыр жауады. «31 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-ден 5 градус аяз, күндіз 5 градус жылы болады», - деп хабарлады метеорологтар.

«Алматыда желтоқсан айындағы жауын-шашын нормасы - 42 мм. Қазір қалада ауа температурасы -5-10 градус аяз. Күндізгі температура 0-ден 5 градусқа дейін жылы», - деп қосты Қазгидрометтен.

Мамандардың болжамынша, жағдай келесі жылдың қаңтарында өзгереді, нормадан артық жауын-шашын болуы мүмкін.

«Қаңтарда жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде - 33 мм болады деп болжанып отыр. Жаңа жылдың бірінші айында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады», - деп атап өтті синпотиктер.