Алматыда жаңа креативті кеңістік ашылды

Алматыда жаңа креативті кеңістік ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

QAYNAR BULAQ алаңының негізгі жұмыс бағыттары қаланың барлық тұрғындарын қызықтыратын тақырыптардағы іс-шаралар болады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық «QAYNAR BULAQ» алаңының ашылуына қатысты. «Қайнар нүктесіне» айналатын бұл алаң түрлі сала өкілдерін біріктіретін болады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Коммуникативті кеңістік AlmaU базасында құрылды және Қазақстан үшін пилоттық болып табылады. Ол Ресейдің әртүрлі қалаларында 110-нан астам ұқсас кеңістіктен тұратын «Қайнар нүктесі» желісіне қосылады.

Қайнар нүктесі болып табылатын QAYNAR BULAQ негізгі жұмыс бағыттары қаланың барлық тұрғындарын қызықтыратын тақырыптардағы іс-шаралар болады, олар: білім, туризм және қалаларды дамыту, бизнесті дамытудың перспективалық бағыттары, жаңа технологиялар – үлкен деректер және жасанды интеллект.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл жобаның мегаполис үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, оның стратегиялық бағыттарының бірі – шығармашылық индустриялар мен АT-ны дамыту. Түрлі қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді қатысуы қаланың технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және білім беру жөніндегі міндеттерін орындаудың шешімдерін табуға мүмкіндік береді.