Алматыда жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсе ашылды

Алматыда жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсе ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Жобалық кеңсе – бұл жергілікті атқарушы органдарға, жоғары оқу орындарына және инвесторларға арналған алаң.

Ол студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі түрде шешу үшін құрылған. Кеңсенің ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 

Бүгінде Алматыдағы студенттік жатақханаларда 32 мың орын жетіспейді. Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 12 мың орындық, ал 2030 жылға дейін тағы 20 мың орындық жатақхана салу жоспарға енген. Бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту үшін ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жобалық кеңсе Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 22 мекенжайында орналасқан.