Алматыда жастардың 9,2 мың компаниясы жұмыс істейді

Алматыда жастардың 9,2 мың компаниясы жұмыс істейді
Сурет: Ysia.ru

Елімізде 34,2 мың жас кәсіпкер бар.

Үстіміздегі жылдың 10 айында елімізде 34,2 мың заңды тұлға жұмыс істейтіні анықталды. Олардың  басым бөлігі 29 жасқа дейінгі тұлғалар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сілтеме жасап.

29 жасқа дейінгі меншік иелері еліміздің ірі мегаполистерінде жұмыс істейтіні байқалады. Олар жалпы компаниялардың 57,9%-ын құрады. Мәселен, Алматыда аталған сектордың 9,2 мың компаниясы жұмыс істейді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Астанада 7,8 мың жас заңды тұлға тіркелсе, Шымкенттегі 2,8 мың кәсіпорынды 29 жасқа жетпеген басшылар басқарады.

Жас кәсіпкерлерге тиесілі компаниялардың ең аз бөлігі Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына орналасқан.

Мұндай заңды тұлғалар көбінесе көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласымен айналысады. Жас меншік иелері жетекшілік ететін компаниялар арасында мемлекеттік басқару және қорғаныс, жылу, электр және сумен жабдықтау, қалдықтарды жою сияқты салалар жиі кездеседі.