Алматыда «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы жалғасып жатыр

Алматыда «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы жалғасып жатыр
Сурет: Almaty.tv

ЖОО-да оқитын студенттер әр салада жетістікке жеткен тұлғалармен кездесті

Алматыда «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Іс-шара аясында қаладағы ЖОО-да оқитын студенттер әр салада жетістікке жеткен тұлғалармен кездесіп, сұрақ алмасады. «Адырна» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен бүгінге дейін еліміздің әр өңірінде 20-ға жуық семинар-тренинг өткен.

Мақсат – жастарды еңбекке баулу және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері белгілі кәсіпкер Сырымбек Таумен кездесті.

«Менің көп айтатыным – қарапайым болу. Қазір біз қарапайымдылықты жоғалтып алдық та, менмендікке салынып кеттік. Жастарда жетістікке жету үшін ең бірінші ұстаным: ол қарапайымдылық. Біз азғантай дүние бітсе немесе азғантай абырой бітсе, қарапайымдылықтан аттаймыз. Бірақ осы бізге, керісінше, алдымыздан соққы болып тиіп жатады», – деді кәсіпкер Сырымбек Тау.

«Бизнестің қыр-сырын үйрету, олардың тұлға болып қалыптасуы үшін мүмкіндік беріп отырмыз. Оның бәрі тегін. Сонымен қоса, жұмыссыз жастарды тіркеп, сосын жұмыспен қамту орталық ұсынып, олардың орталарында дәнекер болып, екі ортада байланыс ұйымдастырып, қызмет атқарып жатырмыз», – деді  «Адырна» қоғамдық қорының жетекшісі Арман Әубәкір.