Алматыда «Жастар рухы» партиялық жобалары туралы айтылды

Алматыда «Жастар рухы» партиялық жобалары туралы айтылды Сурет: Atamekengazeti.kz

Алматының «Жастар рухында» барлығы 4 мыңнан астам белсенді бар.


Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінде мегаполистің әрбір ауданында жастар ұяшықтары белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ олар қаланың 20 ЖОО-да және 30 орта-арнайы мекемелерінде орналасқан.



Жастар қанатының жұмысына тоқталған Әкежан Кеңесов қаңтар оқиғасы кезінде партия мүшелерінің өздерін көрсетіп, 800-ге жуық отбасына азық-түлік себетін жеткізуге еріктілер көмегін көрсеткенін, 2000 студент күн сайын ыстық тамақпен қамтылғанын, 290-ның үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілгенін, қарттарға, тағы 660 азаматқа құқықтық және психологиялық көмек көрсетілгендігі туралы айтты. Сондай-ақ, 200 ерікті қаланы қалпына келтіруге атсалысып, сенбіліктер өткізді.



«Жастар рухының» белсенділері Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын ұйымдастырып, Алматының 20 жалғыз басты зейнеткерін қамтыды. Сонымен қатар, TazaLike жобасы аясында 15 сенбілік өткізілді, 60-тан астам ағаш отырғызылды, құстарға ұялар орнатылды.


Биыл алғаш рет «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы басталды. Оның аясында екі жүзден астам жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру дайындығы бойынша қашықтықтар мен сынақтардан өтті.



Жастар қанаты Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады, ал жастарды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің Алматы қаласындағы жас депутаттар корпусымен бірлесіп 5-тен астам көшпелі отырыстары өткізіліп, студенттер жатақханаларының құрылыс барысын бақылауға алды.



Референдум өткізу кезінде еріктілер ақпараттық қолдау көрсетті, сондай-ақ көшбасшылар жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу шараларына қатысады.


Тарихты, әдебиетті зерттеуге бағытталған зияткерлік ойындар тұрақты негізде өткізіледі. Мысалы, Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына осындай викториналардың бірі өткізілді. Көбінесе ойындар заңнама сұрақтарына арналған. Мұндай іс-шаралардың жеңімпаздары әрдайым естелік сыйлықтармен бағаланады, кітаптар мен сертификаттар алады.


Әкежан Кеңесов бүгінде «Жастар рухында» 14 пен 29 жас аралығындағы жастар өкілі екенін хабарлады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48