Алматыда жасырылған қару-жарақ табылды

Алматыда жасырылған қару-жарақ табылды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасы маңынан екі тегіс ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аумақты инспектор-кинолог қызметтік із кесуші ит көмегімен тексеріп шыққан.

«Олар бұталардың арасынан екі мылтық тапты. Табылған зат сараптамаға жіберілді. Олар жаппай тәртіпсіздік барысында ұрлануы және қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін», - деп мәлімдеді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.