Алматыда жасыл желектерді кесіп, орнына автотұрақ орнатқан компанияның ісі сотта қаралды

Алматыда жасыл желектерді кесіп, орнына автотұрақ орнатқан компанияның ісі сотта қаралды Сурет: ашық дереккөз

Алматы соты «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер телімін пайдалануға қатысты заңбұзушылықтарды жоюды міндеттеді - компания жасыл желектерді жойып, орнына ақылы автотұрақ ұйымдастырды.



Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жер ресурстарын басқару департаментінің «К» ЖШС-не нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады аlmaty-akshamy.kz. 




«Сот анықтағандай, 2022 жылдың желтоқсан айында департамент жүргізген тексеру барысында "аумақты көгаландыру“ мақсатындағы жер телімін меншік иесі басқа мақсатта пайдаланған. Жоғарыда аталған мекеме жер учаскесінде ақылы автотұрақ ұйымдастырып, жасыл желектерді жойып жіберген. Заңнамаға сәйкес, егер меншік иесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзса, мемлекеттік уәкілетті органдар бұзушылықтарды жою және оның мақсатты түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды», — деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.




Жауапты мемлекеттiк орган бұзушылықты жою туралы тиiстi нұсқама шағарған. Алайда, «К» ЖШС-і уәкілетті органның талабын орындамаған.




«Сот істің мән-жайын анықтай отырып, талап арызды қанағаттандырып, жауапкерге жер учаскесін мақсатты түрде пайдалану үшін шаралар қолдануды міндеттеді», — деп атап өтті ведомстваның баспасөз қызметі.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42