Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталды 

Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталды  Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Жасыл аула» науқанының басталғандығын хабарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


20 қыркүйектен бастап қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты көшеттерді алуға өтінімдер қабылданады. Көшеттер тегін беріледі. 



Науқан аясында бір адамға 20-ға дейін көшет бөлінеді, бұл ретте өтініш беруші отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоюы тиіс.


Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы қазанның 1-не дейін жалғасады. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қабылданбайды. 


 Қатысу үшін [email protected] электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:


1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;


2. Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);


3. Сұралып отырған көшет саны.



Көшеттерді тарату Алматы қ., Әуезов ауданы, Юрий Ким к-сі, 9 («Eco Almaty» ЖШС) мекенжайында 2023 жылдың 7, 8, 14, 15 қазанынан бастап жоспарланған. Отырғызылған көшеттердің фото есебін жіберу қажет.



Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының Жасыл қорды басқару және мониторинг бөліміне байланыс нөмірі бойынша хабарласуға болады: +7707 724 9697 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08