Алматыда жас жазушылар мен ақындар мектебі ашылады

Алматыда жас жазушылар мен ақындар мектебі ашылады
Сурет:Wikipedia.org

Қаламыз мәдениет саласы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы атануды алдына  мақсат етіп отыр.

Алматыда жас жазушылар мен ақындар мектебі ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жобасына сілтеме жасап.

Бұдан өзге 2025 жылға дейін кемінде 20 тұрақты халықаралық фестиваль, концерт, көрме өткізу (Aлмаfest, «Ұлы дала», Almaty Film Festival, The Spirit of Tengri және басқалары)

  • «Боралдай қорғандары» паркі базасында Сақ мәдениеті орталығының I фазасын, жеке инвестицияға қазіргі заманғы өнер музейі мен 11 мың орындық мультифункционалды концерт-холл салу
  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдей отырып, мәдениет объектілерін жаңғырту (ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Ұлттық кітапхана, Әуезов атындағы театр, Сац атындағы театр)
  • Креативті зертхана форматында 26 қалалық кітапхана базасында жас жазушылар мен ақындар мектебін ашу
  • «Contemporary art» және қазіргі заманғы музыка алаңдарын құру және дамыту (outdoor және indoor) қаррастырылған.

2030 жылға дейін мәдени мұраны креативті индустрия өніміне «түрлендіру»,  «Боралдай қорғандары» археологиялық паркі базасында Сақ мәдениеті орталығын аяқтау және дамыту, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту және ЮНЕСКО Креативті қалалары желісінің кездесуінде Ұйымдастырушы қала мәртебесіне ие болу жоспарланып отыр.

Алматы қаласы 2025 жылға қарай 40%-ке дейін, 2030 жылға қарай 50%-ке дейін тұрғындардың мәдени өмірге тартып, іс-шаралар саны мен аудиторияны қамту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы атануды алдына мақсат етіп отыр.

Алматының болашағына бей-жай қарамаңыз. Мәдениетке  қатысты өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз.