«Жас Қанат» шағын ауданында 400-ден астам отбасыға пәтер беріледі

«Жас Қанат» шағын ауданында 400-ден астам отбасыға пәтер беріледі Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Түрксіб ауданы («Жас Қанат» ш/а.) Қонаев атындағы өндірістік кооперативте (ӨК) орналасқан коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлерге кезекте тұрғандарды орналастыру басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Үй кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезең осы жылдың 25 тамызында, жаңа оқу жылы қарсаңында басталды. Мәселен, бүгін Алматы әкімдігінің өкілдері жаңа пәтерлердің кілтін берген 109 отбасы қоныс тойын тойлайды. Ендігі пәтерлердің кілті келесі аптаның соңында, содан кейін биыл қыркүйегінде беріледі. 


Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы атап өткендей, осы ауданда көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына барлығы 401 жалдамалы пәтер беру жоспарланған.



«Осы ауданда аумақты абаттандыру жалғасып жатыр. Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенінде дамыған инфрақұрылымды құруға ден қояды. Мұнда спорт және балалар алаңдары жабдықталған, мектеп бар, жаңа балабақша салынуда, тұрғындардың демалысы мен бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орындар салынады», - деді Ғалымжан Әбдішүкірұлы.



Қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғын үйіне кезекте 41 мыңнан астам азамат тұр.


Айта кетейік, Қонаев атындағы ӨК-де үйлердің құрылысы 2021 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31