Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды қайдан іздеуге болады?

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды қайдан іздеуге болады?
Cурет: Baq.kz

Іздеу call-орталығы құрылды

Алматы қалалық полиция департаменті тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздестіру үшін арнайы сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сіз сall-орталыққа хабарласып тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Мына телефон нөмірі бойынша +7 (727) 290-19-01 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Бұған дейін Бас прокуратура Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойғаны туралы айтқан болатын.