Алматыда «Жапония мәдениеті күні» фестивалі өтеді

Алматыда «Жапония мәдениеті күні» фестивалі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Заманауи инновациялық және зияткерлік жетістіктер таныстырылады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі және Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан-жапон адам ресурстарды дамыту орталығымен бірлесіп «Жапония мәдениеті күні» фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Жапония мәдениеті күні" фестивалінің мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, екіжақты байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, заманауи инновациялық және зияткерлік жетістіктерімен таныстыру.

Аталған іс-шарада Қазақстанда тұратын жапон азаматтары Жапонияның дәстүрлі өнері мен заманауи техникаларын көрмелер мен мастер-кластар арқылы Қазақстан халқына таныстырады. 2019 жылы өткізілген бұл фестиваль 5000-ға жуық көрермен жинап, Қазақстандағы ең ауқымды Жапонияның мәдени шарасы ретінде жетістікке жетті. Аталған фестиваль Қазақстан халқына жапон мәдениетін өз көзімен көруге және Жапония туралы білімін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

«Жапония мәдениеті күні» фестивалін Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенші және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мырза ашады. Мемлекеттік орталық музейдің директоры Рашида Ерімқызы Харипова ханым және «Нархоз» Университетінің Президенті Мирас Мұхтарұлы Дауленов мырза қатысады.

Фестиваль 24 қыркүйек сағат 12.00-ден 16.00-ге дейінгі аралықта өтеді.