Алматыда жанып жатқан көп қабатты үйден 10 адам құтқарылды

Алматыда жанып жатқан көп қабатты үйден 10 адам құтқарылды
Сурет: Ашық дереккөз

Құтқарушылар өртенген пәтерден 25 литрлік 1 газ баллонын алып шықты

Әуезов ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 қаңтар күні сағат 18:21- де Әуезов ауданы 7 ықшам ауданында орналасқан № 4 үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Баспалдақ алаңында улы түтін болғандықтан, тұрғындар шыға алмай, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді, өрттің үшінші қабат пен шатырға таралу қаупін туғызды. ТЖД күштерімен өрт сөндіру барысында 10 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды, - деп хабарлады ведомствадан.

Сонымен қатар, құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 25 литрлік 1 газ баллонын алып шықты.