Алматыда жаңажылдық фестиваль басталды

Алматыда жаңажылдық фестиваль басталды
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Фестиваль 21–31 желтоқсан аралығында Абай және «Астана» алаңдарында өтеді

Алматының сегіз ауданында жаңажылдық шыршалар орнатылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алмалы ауданында – «Астана» алаңы, яғни Абай атындағы ҚазҰТЗУ алдындағы алаңда,

Алатау ауданында – «Алматы Арена» мұз айдыны алдындағы алаңда,

Әуезов ауда­нында – Н.Сац атындағы жасөспірімдер театры алдындағы алаңда,

Бостандық ауда­нында – Тұңғыш Президент атындағы сая­бақта, Балуан Шолақ атындағы спорт сара­йында,

Жетісу ауданында – Серіков көшесі, 2 А мекенжайында,

Медеу ауданында – «Халық арена» МС алдындағы алаңда, «Медеу» биік таулы спорт кешенінде,

Түрксіб ауданында – Сейфуллин даңғылы бойындағы №6 оқушылар үйінде,

Наурыз­бай ауданында – «Шұғыла» ш/а, 347 мекен­жайында.

Бұдан басқа, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың барлық аудандарын қамтитын жаңажылдық фестиваль ұйымдастырылады. Фестиваль бағдар­ламасында халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, спектакльдер, эстра­да жұлдыздарының қатысуымен жанды музыка, хаскимен фотосессиялар, шеберлік сыныптары мен көрмелер, қалалық мей­рамханалар және кафелердің гастро-кор­нерлері (21–31 желтоқсан аралығында Абай және «Астана» алаңдары сағат 16.00- ден 21.00-ге дейін, 27–31 желтоқсан аралы­ғында әр ауданның негізгі алаңдарында сағат 16.00-ден 21.00-ге дейін) болады және 25 желтоқсанда Аяз Аталар шеруі өтеді.