Алматыда жанатын сұйықтық құйылған цистерна рельстен шығып кетті

Алматыда жанатын сұйықтық құйылған цистерна рельстен шығып кетті
Сурет: Inform.kz

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматыда тез жанатын сұйықтық құйылған екі цистерна рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

«14 қазан күні кешкі сағат 17:53-те Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметінің 2 бірлік техникасы, жеке құрамының 12 адамы Түрксіб ауданы, Ахметов көшесі, 47 ғимаратының жанындағы теміржолға шақыртуға жіберілді. Белгілі болғанындай, цистерналар темір жолдан шығып кеткен, алайда аударылған жоқ. Тез тұтанатын сұйықтықтар жанған жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.