Алматыда жаңа туған керікке Сұлтан деген ат берді

Алматыда жаңа туған керікке Сұлтан деген ат берді
Сурет: Krasivosti.pro

Бұл атты зообақ қызметкерлері таңдаған.

Алматы зообағындағы кішкентай керікке Сұлтан деген ат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Естеріңізге сала кетсек, шілдінің соңғы күндері Алматы зообағындағы Хан мен Сұлу атты керіктер жұбы кішкентай еркек құлынды өмірге әкелген болатын.

«Біз ұзақ талқылаулар мен пікірталастар жүргізгеннен кейін кішкентай керігімізге ат таңдадық. Ат таңдауға зообағымыздың барлық қызметкерлері атсалысты.

Жануарға дұрыс есім беру маңызды. Ойткені ол атына заты сай болуы тиіс.

Әкесі Хан, анасы Сұлу, әпкесі Ханзада екенін ескеріп, біз оған Сұлтан деген ат бердік.

Сіздерге біздің таңдауымыз ұнады ма? Пікірлеріңізді күтеміз»,- делінген зообақтың әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)