Алматыда жаңа метростанциялар қашан іске қосылады?

Алматыда жаңа метростанциялар қашан іске қосылады?
Сурет: Almaty.tv

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев екі жаңа метробекеттің қашан іске қосылатынын айтты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мегаполис басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

«2022 жылдың мамыр айында жоспарланған екі метростанциясын пайдалануға беру күнделікті жолаушы ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», - деді қала әкімі.

Еске салайық, 2021 жылдың 30 желтоқсанында «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциялары техникалық түрде іске қосылған болатын.

«Сарыарқа» станциясы – саны жағынан оныншы бекет. Ол Family Park аймағында орналасқан. Әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл метростанция басқаларынан ұлттық бояуымен, ерекше сәулетімен ерекшеленеді. «Бауыржана Момышұлы» вокзалы осы аттас көше мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан. Платформаның архитектурасы мен дизайны қазіргі заманғы минималистік стильде жасалған.